KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскеменде тұмауға қарсы екпе егу басталды

1.10.2018, 09:41 175

Өскеменде тұмауға қарсы екпені бүгіннен бастап алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемендегі Амбулаториялық орталықта(Абай даңғылы, 18), №1 емханада  (Әуезов даңғылы, 18), №2 емханада (Буров көшесі, 61) арнайы екпе егу пункттері ашылып отыр.


ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның мәлімдеуінше, жергілікті бюджеттен 33873 доза вакцина сатып алынған.


Жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі ең көп әлеуметтік топтар — созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті нашар және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер, қарттар және балалар үйіндегі тұрғындар тегін егіледі. Ақылы вакциналардың бағасы әлі нақты бекітілмеген.


Биыл аймақ халқын шабуылдайтын вирустің типтері әзірше белгісіз, себебі эпидемиологиялық маусым күздің екінші жартысында басталады екен.


Тұмау басталмаса да, облыста респираторлық инфекцияның 474 фактісі тіркеліп үлгеріпті. Науқастардың 58%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар. Риддер, Шемонаиха және Зырянда жиі орын алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив