KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Фейсбукта "Министрдің көмекшісі" пайда болды

20.09.2018, 05:49 129

Енді денсаулық сақтау жүйесіне қатысты айтарыңыз болса, алысқа барудың қажеті жоқ. Фейсбуктан «Министрдің көмекшісі» іздеңіз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде халықтың арыз-шағымын қабылдайтын парақша ашты. «Министрдің көмекшісі» деп аталатын ресми парақшаға Фейсбук қолданушылары денсаулық сақтау жүйесіне байланысты қандай да бір шағымдар мен ұсыныстарын жібере алады. Парақшаға төрт әкімші – Министрлік өкілі, Фармация комитеті, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және дәрі-дәрмек бойынша СҚ-Фармация өкілі басшылық жасайды.


– Қолданушылар парақшаға денсаулық сақтау жүйесіне қатысты жазба қалдырады немесе жариялылықты қаламайтындар жеке хабарлама жібере алады. Парақшаны жүргізетін төрт әкімшінің әрқайсысы өз бағыттары бойынша жауап береді. Өзекті сұрақтарға барынша тез жауап беруге тырысамыз, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ернар Әкімқұлов.


Ресми өкілдің айтуынша, парақша таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді, ал сұрақтарды тәулік бойы жіберуге болады.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив