KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да қазақтан шыққан тұңғыш полиция генерал-лейтенантына ескерткіш қойылды

13.09.2018, 06:40 201

Қайнар ауылында бұрынғы Абыралы ауданының 90 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Осыған орай Қазақ КСР ішкі істер министрі болған генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевқа арналып ескерткіш-бюст орнатылды.


Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрлігін 12 жыл басқарған, қазақтан шыққан тұңғыш полиция генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Қайнарда, ұлт қайраткеріне арналған бюст бой көтерді. Нартұлғаның кеуде мүсінін Ертіс Татиев сомдап шыққан.


Семей мен Қайнардың ортасын жалғаған ойдым-ойдам жолға қарамастан, торқалы мерейтойға алыс-жақыннан қадірлі меймандар ағылды. Олардың арасынан «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров, ҚР ішкі әскерлер ардагерлер Кеңесінің төрағасы, генерал-майор Өмірзақ Болсамбеков және Павлодар облысы бойынша ішкі істер органдары мен ұлтық ұлан әскерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірхан Дуанбеков табылды.



Сонымен қоса, 90 жылдыққа орай Қайнарда «Абыралы - Сарыарқаның кіндігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Аузы дуалы ғалымдар мен тарихшылар жиналған басқосуда «Атыңнан айналайын, Абыралым» кітабының таныстырылымы өткізілді. Бұл еңбекті белгілі ақын, ғалым Бауыржан Жақып құрастырған. Әзірге туындының 200-дей данасы жарық көрді. Оның 100 данасын Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов шығаруға көмектесіпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив