Көкпекті ауданында қысқа дайындалған 52 тонна шөп өртеніп кетті
ШҚО-да өткен тәулікте екі бердей өрт шықты. Көкпекті ауданы Белое ауылы тұрғынының 52 тонна шөбі жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 3 сағат бойы арпалысқан. Өрт балалардың абайсыздығынан шаққан көрінеді.
Екінші оқиға Риддерде болған. Суворов көшесіндегі үйлердің бірі 12 тонна шөбінен айрылды. ТЖД қызметкерлері өртпен 4 сағат бойы күресіпті.
ШҚО ТЖД оқиғалардың бірі абайсыздықтан болған десе, екіншісі – өрт қойған болуы мүмкін деп топшылайды.
Оқи отырыңыз