KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

220 тонна шөп тып-типыл өртеніп кетті Күршім ауданында

11.12.2013, 18:00 200



Күршім ауданындағы бір шаруашылық қожалығы қысқа жинаған жем-шөбінен бір-ақ сәтте айырылып қалды. Мөлкө ауылында 220 тонна шөп тып-типыл өртеніп кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Мамандардың болжамы бойынша, өрт отты абайсыз қолданудан немесе қасақана өртеуден шығуы мүмкін. Қазір келген шығынның көлемі анықталуда.

Тілсіз жаумен күресуге 40-өрт бөлімшесінің жеке құрамынан 6 маман, 20 жергілікті тұрғын және 2 трактор жұмылдырылды.

Оқиға орнына 11-желтоқсанда 23 сағат 36 минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер жалындаған өрттің бетін тек таңғы 3-те қайтарып, 12- желтоқсанда толықтай ауыздықтады.

Сондай-ақ, Солнечный кентінде жеке меншік үйдің ауласында 15 тонна жем-шөп өртеніп кетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив