KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь жел 2 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Өскеменнің іргесінде атыс болды

10.09.2018, 11:32 143

Өскеменнің іргесіндегі Жаңа Ахмер полигонында әскери оқу-жаттығулар өтіп, оған облыс орталығында шоғырланған аумақтық қорғаныс ротасының жауынгерлері жұмылдырылды.


Мамандардың айтуынша, бұл жиындарға қатысқан 105 сарбаздың барлығы да осыған дейін еліміздің Қарулы күштері қатарында міндетті әскери борышын өтеп келген. Оқу-жаттығу жиынының өту барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев пен қала-аудан әкімдері тамашалады. Жиынның командирі міндетін аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметінің бастығы, запастағы полковник Мильдат Оспанов атқарды.



Әскери оқу-жаттығу барысында сарбаздардың ұрыс жүргізу жөніндегі білімдері мен тактикалық даярлықтары сыналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар әскери бөлімшелердің елді мекендердегі стратегиялық маңызға ие нысандарды қорғаудағы міндеттерін айқындап, қарулы күштерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.


Айта кетер жайт, сарбаздардың оқу-жаттығуларын шаһардағы 27943 әскери бөлімінің кәсіби нұсқаушылары жүргізген-ді. Жиындарға, сонымен қатар үш әскери техника тартылды.


Оқу-жаттығу соңында көзге түскен сарбаздардың еңбегі аталып өтіп, үздіктері арнайы грамоталармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив