KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның мектептерінде мұғалімдер жеткіліксіз    

31.08.2018, 04:28 186

Шығыс Қазақстанда мектептерде мұғалім мамандары жеткіліксіз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз конференциясында мәлім етілді.


Ағымдағы оқу жылында облыста 22 мың мұғалім жұмысын бастамақшы. Дегенмен облыс мектептерінде педагог мамандар тапшылығы жоқ емес.


Нақты айтқанда, аймаққа екі жүзге жуық мұғалім қажет екен. Мәселені шешу мақсатында облыс әкімі «Білікті маман» бағдарламасының аясында педогогикалық мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға білім беру гранттары бөліп отыр.


2018 жылы осындай 170 грант бөлінген екен.  Республиканың жоо-ларында  мемлекеттік білім беру тапсырысы алғаш рет 46 орынға жарияланыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив