Тамыздан бастап Қазақстанға ресейлік бензин кіргізілмейді
Ресейлік бензинді тасымалдауға 26 тамыздан бастап ресми түрде тиым салынады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың 16 тамызда БАҚ-да жарияланған 2018 жылдың 3 шілдесіндегі №262 бұйрығынан белгілі болып отыр.
Министр өз бұйрығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға үш ай мерзімге теміржол көлігімен бензин тасымалдауға тиым салуды тапсырады. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он өткен соң өз күшіне енеді.
Бұған дейін министр тиым салудың нарықтағы жұмысты тұрақтандыру үшін қажет екенін айтқан болатын. Шетелдік өнімге уақытша тиым салынбаса, отандық мұнай өндірісі төмендеп кетеді екен.
Оқи отырыңыз