KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Ресейлік бензинді тұтынбайтын боламыз

14.01.2019, 04:41 217

Энергетика министрлігі Ресейден бензин жеткізуге тыйым салу туралы қаулы жобасын әзірледі. Бұдан былай жанармайды теміржол арқылы тасымалдау шектеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Министрліктің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, құжатқа қол қою процесі басталып кетті. Құжат ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде бұйрық күшіне енеді.


Естеріңізге сала кетейік, көрші елден бензин әкелуге өткен жылдың тамызында 3 айға шектеу қойылған еді. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, тыйым ішкі нарықты тұрақтандыруға бағытталып отыр.


-Басқа амал жоқ. Кері жағдайда жергілікті мұнай өңдеу зауыттарындағы өндіріс қуаттылығын азайтуға тура келеді. Осылайша отандық пен шетелдік өндірушілер арасында таңдау жасауға мәжбүрміз. Әлбетте біз отандықты таңдаймыз. Бұл уақытша шара, - дейді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив