KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде мектеп формасын кім таңдайды, ата-ана ма, әлде мектеп пе?

17.08.2018, 04:45 328

– Мектеп формасын кім таңдайды, ата-аналар ма, әлде мектеп әкімшілігі ме? Қала бойынша бірыңғай форма енгізіле ме? Содан соң жыл сайын сабақ басталғанда мектептер формаға деп, мектепке, оқушыларға керек деп ата-аналардан ақша жинайды бұл, қаншалықты заңды?


Сәуле Нұрғалиева

Өскемен.


Сауалға Өскемен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев жауап береді:


– Өскемен қаласы бойынша үш жылдан бері мектеп формасы бір жүйеге түсірілген. Қаладағы әр мектептің өздерінің бекітілген формасы бар. Әр мектеп арнайы бұйырық шығарып, форманың түсін, түрін анықтайды. Соған орай ата-аналар мектеп формасын өздері сатып алады. Мектеп формасын таңдауды мектеп әкімшілігі ата-аналар комитетімен бірлесіп шешеді. Мұның бәрі жыл көлемінде өткізілген ата-аналар жиналысында талқыланып, ортақ шешім шығарылады. Қазақстан бойынша бұрынғы кеңестік замандағыдай бірыңғай мектеп формасын енгізу қарастырылмаған. Әр мектептің өз формасы бар.


Ал мектепте ақша жинауға қатысты сауалға келер болсақ, бұған барлық жерде тыйым салынған. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері арқылы барлық мектептерге жазбаша түрде ескертілген. Ондай жағдай анықталса, бірден білім бөлімдерінің сенім телефонына не сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне хабарлау керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив