KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Жарманың ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды

14.08.2018, 11:26 131

Жарма аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Есімжановтың бізге берген мәліметіне сүйенер болсақ, Жарма ауданының ауылдық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыс бүгінде қарқын алған.


Яғни, аудан бойынша 50 ауылдық елді мекен 1 қала орналасқан. 2017 жылы сумен қамту көрсеткіші 28 %-ды немесе 14 ауылдық елді-мекенді құраса, үстіміздегі жылдың су ұңғымаларына қайта қалыпқа келтіру, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру нәтижесінде 12 су ұңғымасы, 2 су құбыры есепке алынып, 29 елді мекен сумен қамтылып 58 %-ды құрамақ. Талапқа сай аталмыш су құбырларына ауыз су үлгілеріне зерттеу жүргізіліп, химиялық және бактералогиялық сараптама жасалған. Бүгінгі күні халық саны аз елді-мекендерге атап айтқанда, Ортабұлақ, Көшек, Әди ауылдарына су ұңғымалары салынып, қазіргі таңда химиялық және бактералогиялық сараптама жасалынуда екен.


Сонымен қатар, жыл соңына дейін Республикалық бюджет есебінен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Жарық ауылының су құбырының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отырса керек. Сондай-ақ, Қаратөбе ауылының су құбырының құрылысына 180 млн.теңге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал, бұл нысан келер жылы пайдалануға берілмек. Жалпы жоспарлы жұмыс қорытындысы бойынша жыл соңына дейін 33 елді мекен қамтылып, таза ауыз суға қол жеткізген ауылдардың қатары 66 %-ды құрайды деп жоспарлануда.


Ендігі кезекте жергілікті атқарушы билік Аршалы, Қапай батыр, Сұлусары, Кіші-қарасу ауылдарының су құбыры құрылысының жоба-сметалық құжаты әзірлеуді қолға алған. Маңызды жобалар мемлекеттік сараптамадан өткен соң қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірленіп, тапсырылады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив