KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Жарма ауданының шалғайдағы ауылында футбол алаңы ашылды

9.08.2018, 08:44 269

Жарма ауданы, Божығұр ауылдық округі, Салқынтөбе ауылында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді.


Аталған спорт нысаны жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асқан жобалардың бірі.


Шара барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын құттықтап, жас спортшыларға бірнеше футбол доптарын, ал бүгінде 80 жасқа толған ауыл тұрғыны Александр Бердікеновке «Жарма ауданы 90 жылдық мерейтойына» арналған төсбелгіні табыс етті.


Тұрғындар атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бухаров, А.Бердікенов, округ әкімі М.Жансеитов жылы лебіздерін білдірді, футбол алаңының ашылу рәсімі жасөспірімдер арасындағы футбол турнирімен жалғасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив