KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Ауыл мектебіне жаңа автобустың кілтін табыс етті

12.09.2017, 04:43 126

Жарма ауданында 783 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Білім күнінің қарсаңында аудан әкімі Нұрлан Сыдықов Үшбиік ауылының Ақтайлақ би атындағы орта мектебіне жаңа автобустың кілтін табыс етті.


Ал Қызылағаш ауылдық округінде айтулы күн қарсаңында спорт алаңы қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы оқушыларға спорттық киімдер мен доптар сыйлады.


Салтанатты шараға орай ұйымдастырылған шағын футбол жарысына Қалбатау, Ақжал, Қызылағаш ауылдық округтерінің және Жарма кентінің жас футболшылары қатысты. Аталмыш алаңды қайта жарақтау жұмыстарына 2017 жылы аудандық бюджеттен 13,4 млн. теңге бөлінген болатын.


Бұл жұмыстар екі ай көлемінде жүргізіліп, нәтижесінде жастардың бос уақытын тиімді өткізетін тамаша спорт алаңы ашылды. Округ тұрғындары аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын айтты.


Жалпы Жармада «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің көмегімен 1,2 млн. теңгенің оқуға қажетті құрал-жабдықтары сыйға тартылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив