KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Халықтың шөбі өртеніп жатыр

8.08.2018, 06:59 169

Шөп тасыған көлік өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Семей – Қарауыл тас жолында, Абай ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Көлік те, 12 тонна шөп те өртенді. Сөндіруге 2 сағаттай уақыт кетті. Абырой болғандай, адамдар дін аман, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы.


Тамыз басталғалы осындай оқиғалар жиілеп кеткендігін айтады құтқарушылар. Бұған дейін Күршім, Бородулиха, Үржар аудандарында дәл осындай жағдай болыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив