KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Алакөлде заңсыз арақ сатқандар ұсталды

8.08.2018, 06:28 151

Салықтық тексеру барысында бес кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2018 жылдың маусым айында ШҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері ҚР салық заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында Алакөлге бірнеше рет сапар шеккен болатын. 10 бірдей салықтық тексерудің нәтижесінде, бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзған үш салық төлеушіні жауапқа тартты. Тағы екі кісіпкердің құны 90 620 теңгені құрайтын 263 бөтелке алкогольді ішімдікті лицензиясыз сатпақ болғаны анықталған.


Департаменттің хабарлауынша, материалдар экономикалық тергеу қызметіне тапсырылды. Сол жерде заңды белден басқан кәсіпкерлерге қылмыстық жаза тағайындалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив