KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Екі жыл бойы салық төлемей келіпті

14.02.2012, 18:00 196


Облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері жүргізген тексеру амалдары нәтижесінде екі жыл көлемінде бюджетке көк тиын салық төлемей, заңсыз пайда тауып келген 400-ге тарта кәсіпкер анықтал-
ды.

Салықтан жалтарған бұл кәсіпкер-лер негізінен іргедегі көршіміз Қытай елінен заңсыз түрде тауар тасымалдаумен айналысқан көрінеді.
– Өткен жылдың тек төртінші тоқсанында Қытайдан тауар импорттау кезінде 800 миллионнан астам теңге көлемінде салық төлемеу арқылы мемлекетке шығын келтірген сыртқы экономикалық қызметтің жетпістен астам қатысушысы анықталды, – деп
мәлімдеді «BNews.kz» тілшісіне обл-ыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Аяна Құдабаева.
Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, аймақтың қадағалау органдары 37 миллион 250 мың АҚШ долларын құрайтын жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың сыртқы сауда айналымын анықтаған. Бұл бизнес өкілдері салық органдарына нөлдік айналыммен немесе анағұрлым төмендетілген деректермен декларация ұсынған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив