KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Интернетті кім басқаратынын білесіз бе?

25.07.2018, 10:50 84

Интернет дегенде бәз біреулер әлеуметтік желілерді елестетеді. Енді бірі Google-ді есіне түсіретін болар. Бірден онлайн-ойындар туралы ойлап кететіндер де бар шығар. Бірақ бұлар сол интернеттің бір бөлшегі ғана.


Осы бір жарықтың жылдамдығымен жарысқан заманауи техникалық желінің негізін қалаушылар ретінде – Винтон Серфа мен Боба Кана сынды американдық азаматтарды атауға болады. Ең алғашқы мобильді желі 1976 жылы іске қосылған болатын. Содан бері «ақпаратты сақтау және тарату мақсатындағы әлемдік компьютер желілерінің біріккен жүйесі» ретінде жұмыс істеп келеді.


Тарифтер мен жүйелік бақылаулар өзінен-өзі пайда болмайды. Бірақ оларды жасайтын арнайы бірлескен орталық әзірге БҰҰ-да да жоқ.


Интернетті басқарушы басты тарап – мемлекет. Билік бұған бірінші кезекте киберқауіпсіздік және ұлттық интернет-кеңістіктің толығуын бақылау мақсатында қызығады.


Қазақстанда мемлекет тарапынан интернетті басқаруға бірнеше ведомство атсалысады. Олар: Ақпарат және коммуникация, Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті.


Қазір еліміздегі интернетті дамытудағы негізгі бағдарлама – цифырлы Қазақстан. Сондай-ақ ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Кибершит Қазақстан» бағдарламасы бар.


Қалай болғанда да, интернеттің басты мақсаты өмірді жақсарту. Бұл туралы  RIPE NCC интернет-тіркеу орталығының өкілі Ваан Овсепян былай дейді:


"Интернетті басқару туралы сұрақтар барлығы үшін қызық. Мұнда сан тарап бар. Барлығы өзінікін дәлелдейді. Біздің мақсатымыз сол тараптардың барлығымен де жақсы жұмыс істеу. Интернет саясаттан бастап, барлық саланың көркеюі үшін жұмыс істейді"


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив