KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Ғаламтор арқылы сауалыңызды жолдайсыз

27.04.2012, 18:00 145


«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында өздерінің дербес газеті мен интернет-сайтының тұсаукесерін жасады.

Енді көкейде жүрген, мазалаған сауалдарды қою үшін жұртшылық қабылдауға келмей-ақ жолдауына болады. Яғни, ғаламтор желісі арқылы. Ал «Шығыс үні» деп аталатын басылым партиялық жұмыстарды жариялаумен қатар, әлеуметтік-экономи-калық және адамгершілік тақырыптарды да көтереді.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының интернет-сайтынан саяси бірлестіктің құрылымынан, қызметінен ақпарат беретін материалдармен бірге сараптамалық және ақпараттық мақалаларды да көре аласыз. Сонымен қатар филиал төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтің айтуынша, интернет-ресурсты дамыту бағытында мемлекеттік органдарды партиялық тексеру-лердің нәтижелері, азаматтар шағымдарын қараудың қорытындылары және партиялық бекеттердің жұмысы көрсетіледі.
«Нұр Отанның» облыстық филиалының тағы бір жобасы ретінде «Шығыс үні» басылымын атауға болады. Қазір екінші саны баспаға әзірлену үстінде. Бірінші саны Наурыз мерекесі қарсаңында жарық көрген болатын.
Нұротандықтардың айтуынша, сайт пен газетті олар бірінші кезекте мемлекет-
тің және халықтың алдында тұрған мәселелерді тиімді шешуде құрал ретінде пайдалануды құп көрген. Сайттың адресі: vkonurotan.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив