KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО зауыттарына «автоматтандыру және басқару» мамандары қажет

24.07.2018, 10:15 137

Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов еліміздегі жоғары жалақы алатын мамандық иелерін айтты. Ол – мұнай-газ саласының қызметкерлері, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл сала қызметкерлерінің айына 202 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін жалақы ала алатындығы мәлім болды.


Одан кейінгі орындар машинақұрастырушылар мен тау-кен өндірісі мамандарына тиесілі. Айлық мөлшері 174 мың теңге шамасында. Үшінші орында 159 мың айлық көрсеткішімен «Автоматтандыру және басқару» мамандығы тұр.


«Автоматтандыру және басқару» мамандығын көп адам біле бермейтіндіктен, аз-кем ақпарат бере кеткенді жөн санадық.

Аталмыш мамандықты таңдағандар келесідей қызметтерге орналаса алады:


Зауыт бөлiмшелерінiң жетекшi-ұстасы, цехтың басшысы, өндiрушiсi, цехтың ұстасы, ауысымның басшысы, шеберхана меңгерушiсi;

Өндiрiстi басқаруды ұйымдастырушы, маман-инженер-конструктор, инженер-лаборант, инженер-бағдарламашы; Ғылыми зерттеулермен айналыса алады. Конструкторлық, технологиялық, жобалық ұйымдарда техник, лаборант, инженер-жобалаушы болып қызмет ете алады.


Айтпақшы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бұл сала бойынша маман даярлауда елімізде көш бастап тұр. Бітірген студенттері биыл 100 пайыз жұмысқа орналасқан.


Тағы да қосарымыз, жоғарыда аталған мамандықтың барлығына да біздің облыста жұмыс табылады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив