Риддер маңында фестиваль өтеді
Іс-шара 10-12 тамыз аралығында Риддер қаласының маңында өткізілмек.
«Медовый спас» деп аталатын фестиваль «Громотуха» демалыс базасында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, келушілер шатырлы қалашықта тұратын болады. Фестивальге қатысам дегендер болса, 8-777-543-33-89 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, алдын ала орын алып қою қажет екен.
Фестивальдің бағдарламасында бал жәрмеңкесі, тұмар жасау, балшық мүсіндер, тоздан өрілген бұйымдар бойынша шеберлік сыныптары өткізіліп, ән-думан, түрлі ойындар ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз