KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4,8 м/с, С
441.41 477.78 4.84

ШҚО-да музыкалық фестиваль өтеді

22.08.2018, 10:11 102

Гитара не басқа музыкалық аспапта ойнап, ән айтатындар тамыздың 25-26 аралығында өтетін "Тау бұлағы" (Горный ручей) Халықаралық тамыз-фестке қатыса алады.


Музыкалық фестиваль Астананың мерейтойы мен "Горный ручей" бірлестігінің 20-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Фестивальге қандай да бір музыкалық аспапта ойнап, ән салатындардың барлығы қатыса алады екен. Ешқандай алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.


Қатысушыларға өзімен бірге орындайтын әндерінің мәтінін қағаз бетіне түсіріп, ала келу керек. Бұл - цензураның талабы. Фестивальдың соңында әнді жақсы орындарға түрлі номинациялар беріледі.


"Тау бұлағы" фестивалі Малоубинка ауылының маңындағы "Толағай" демалыс базасында өтеді. Басталуы: 25 тамыз (сенбі), сағат 21:00-де.  Концерт түні бойы жалғасады. Билеттерді фестиваль өтетін орыннан сатып алуға болады. Бағасы – 500 теңге.


Сонымен қатар, фестивальге сенбі күні сағат 19:00-де Өскемен қаласынан шығатын арнайы жалданған автобуспен жетуге болады. Автобустың билеттері туралы және басқа да толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар: 8-777-980-28-55, 8-705-527-06-39.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив