KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты көрме ашылады

16.07.2018, 11:00 159

2018 жылдың 17 шілдеде сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінің залында Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрме ашылады, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.


Көрме сондай-ақ, еліміздің барлық облыс орталықтарында өтеді. «Ақ тілекпен, Астана» шығармашылық жобасы әлемдегі ең табысты және дамып келе жатқан жас қалалардың бірі ретінде, жас астананың өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған. Астана - заманауи сәулет үлгісі ғана емес, сонымен қатар үнемі жаңа идеялар мен үрдістер іздеу үстіндегі жаңашыл қала.


Көрмеге Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмыстары ұсынылатын болады, соның ішінде, А.Ақанаев, Е.Айтуаров, Р. Күлбатыров, А. Смағұлова, М.Бекеев, Е.Сидоркин, К.Каметов, Е.Оспанұлы, К.Муллашев, M. Байбосынов, Ө. Тлеулиев, Д.Макин, Д.Нүгер және мүсіншілер Тохтар Ермеков пен Сембіғали Смағұловтың жұмыстары қамтылған

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив