KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Өскеменде Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

16.07.2018, 04:49 132

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтің жұмыс сапарымен облысымызда болды. Сапары барысында ол облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге өңірде ашылған Ел Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жұмысымен танысты.


Академия филиалы Өскемен қаласында Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай орталығын құру аясында ашылып отыр. Ол өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму орталығына айналуы тиіс. Орташа алғанда филиалда жыл сайын 2500 мемқызметші дайындықтан өтіп, біліктіліктерін арттырмақ. Сондай-ақ, филиал мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент сұрақтары бойынша кеңес беру қызметін ұсынады.


Танысу кезінде қонақтар филиал тыңдаушыларымен сұхбаттасты. Облыс әкімі филиалда заманауи оқу құралдары бар бірегей білім беру алаңнын құруға қолдау көрсетінін атап айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив