KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да бір күнде екі бала суға кетті

12.07.2018, 09:21 130

ШҚО ТЖД-ның хабарлауынша, бірінші болып суға батқан 16 жасар бозабала жалғыз өзі Көгілдір бұғазда шомылып жүрген көрінеді. Қалай батып кеткені әзірге беймәлім. Қайғылы жағдайға демалушылар куә болып отыр. Дәл солардың хабарынан кейін жеткен құтқарушылар жеткіншектің денесін алты метрлік тереңнен алып шықты.


– Марқұм Теміртаудағы балалар үйінің тәрбиеленушісі екен. Дем алуға келген лагерьі басқа жақта, – деді сегізінші құтқару отрядының басшысы Марат Смағұлов.


Суға кеткен екінші бала Күршімдікі. Небары алты жаста болған. ТЖД мәлімдегендей, бірнеше бала үлкендердің қарауынсыз суару арнасында шомылып жүрген. Алты жасар балақай бұл кезде көпір үстінде шомылушыларды тамашалап тұрған. Байқаусызда суға құлап түскенде, жеті жасар ағасы құтқаруға тырысқан екен. Болмады бірақ. Арық суы алты жасар «Алпамысты» ағызып әкете барған.


– Арық тым терең емес. Әрі кетсе екі метр. Бірақ бұл балалардың батып кетуіне жеткілікті, – дейді оныншы құтқару отрядының басшысы Талғат Нұржанов.


Балақайдың денесін таң ертең арық  суының аяқ жағындағы қамыс-балдыр арасынан табылды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив