KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 6 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Жарма ауданында тұрғындардың қысқа қамдаған шөбі өртеніп кетті

11.07.2018, 07:03 145

Жарма ауданына қарасты Көшек ауылының маңайында шөп шабу кезінде өрт шықты. Нақтырақ айтсақ, жайылымдық алқапта тұтанған қызыл жалын 25 гектар жерге дейін шарпып үлгерген.


Тілсіз жау салдарынан қысқа дайындалған 4 тонна шөптің түгі қалмай жанып кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен құтқару жасағының қызметкерлеріне ауыл адамдары көмекке келіп, лапылдаған от 4 сағатта әрең ауыздықталған. Абырой болғанда адамдар дін аман, ешқайсысы зардап шекпеген. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив