KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Жол жылы: Өскемен көшелеріне асфальт төселіп жатыр

20.05.2024, 16:00 114 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында бірнеше учаскеде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды.

Жол жұмыстары Қабанбай батыр, Чехов, Нұрмағамбетов көшелерінде қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Дәл қазір Қабанбай батыр көшесінің Новаторлар және Буров аралығындағы бөлігінде жол жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл магистральдың жөндеуден өтпеген соңғы учаскесі, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Аталған учаскелердегі жұмыс сапасы «Әділдік жолы» қоғамдық ұйымының өкілдері тексерді.

– Қоғамдық ұйымдар  мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеуге тиіс деп санаймын. Әсіресе, осындай ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда жұмыстың сапасы мен барысын қадағалау маңызды, – деді «Әділдік жолы» РҚБ ШҚ филиалының басшысы Әділ Пшенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив