KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Шығыстың ерекше спортшылары жеңіспен оралды

20.05.2024, 16:56 149 Қызырбек Дүргінбайұлы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға да мүмкіндік туғызып, жеңіске жетуіне қолдау көрсетіп жүрген жандар бар. Жақсы жандардың қолдауынан қуат алған «Күш бірлікте» мүгедектер қоғамының спортшылары жуықта республикалық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Күш бірлікте» мүгедектер қоғамының өкілі Нұрмағамбетов Ардақ үстел теннисінен өтетін «Кaraganda Open» атты республикалық ашық турнирге спортшыларды қатыстыру үшін қолдау іздеген. Ол аталған мәселе бойынша «AMANAT» партиясының Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Әли Мусинге жүгініп, көмек көрсетуін сұраған.

 – Қоғамдық қабылдау кезінде маған жүгінген азаматтық өтінішін жерде қалдырмауға тырыстым. Біздің партиямыздың «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бағытталған. Сондықтанда біз бұл мәселеге назар аударып, көмек қолын создық, – дейді Ұлан аудандық мәслихат депутаты Әли Мусин.

Осылайша қолдаудан қуат алған «Күш бірлікте» мүгедектер қоғамының спортшылары үстел теннисінен өткен «Кaraganda Open» республикалық ашық турнирінде 3 орынды иеленіп қайтты. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив