Мейіргерлер пациенттерді өз бетінше қабылдауды үйренеді
Фото: depositphotos.com
Емханалардың дәрігерлері мен мейіргелерінің міндеттерін қайта бөлу нәтижесінде мейіргелерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, орта медициналық персоналды кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология және хирургия сияқты бірқатар бағыттар бойынша аурумен ауыратын науқастарды қабылдауға мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша оқыту басталды.
«Бұл дәрігерлерге жүктемені неғұрлым ұтымды бөлуге және бастапқы буынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»,-делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз