KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Ана тілдің абыройын асырғандар марапатталды

9.07.2018, 05:19 193

Астана күні мерекесі қарсаңында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының қорытындысын шығарып, жүзден жүйрік жеңімпаздары марапатталды.


Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының насихатталу белсенділігін арттыру, толеранттық тілдік орта құрудағы БАҚ-тың рөлін күшейту болды.


Атап өтерлігі, биылғы конкурсқа 11 БАҚ өкілі қатысуға ниет білдіріп, 4 аталым бойынша материалдарын ұсынған екен.


Ұсынылған материалдарды бағалау жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен үздіктер анықталып, «Үздік мақала» аталымы бойынша облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Айжанат Ихсанова, «Үздік телеарна бағдарламасы» аталымында «Altai» телеарнасы директорының орынбасары - бас редактор, «Рухты Алтай» бағдарламасының авторы Айдос Жұқанұлы, «Үздік сайт мақаласы» аталымы бойынша облыстық «Семей таңы» газетінің тілшісі Жадыра Төлегенова, «Үздік блогер» аталымы бойынша «Устинка LIVE» сайтының тілшісі Назерке Қайролданова  марапатталды.


Жеңімпаздарға басқарманың дипломы және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив