«7-20-25» бағдарламасының серіктес-банктері белгілі болды
«7-20-25» бағдарламасының серіктес-банктері белгілі болды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкі өткізген баспасөз-конференциясында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тізімге жеті банк кірген. Олар: ЦентрКредит банкі, Еуразия банкі, АТФ банкі, Bank RBK, Қазақстан Халық банкі, Цеснабанк, Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі.
Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін аталмыш бағдарламаға Сбербанк пен ForteBankтің қосылатыны да хабарланды.
«7-20-25» бағдарламасына еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасылар т.б. Бағдарлама шарттары барлығына бірдей.