KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Су тасқынынан зардап шеккен Зырян ауданының тұрғындары баспаналы болмақ

28.06.2018, 05:36 61

Үйлерін су шайып кеткен 33 отбасына жаңа баспана таңдау еркі берілді. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүліктің 21-нің құжаттары рәсімделсе, қалғаны апта соңына дейін жаңа иелеріне табысталмақ.



-Тілсіз жаудың салдарын түзетуге мемлекет бюджетінен 277,7 миллион бөлінді. Оның 81миллионы баспанамен қамтамасыз етуге, ал 196,7 миллионы құрылысты қайта қалпына келтіруге берілген,- деп мәлімдеді аудандық қаржы бөлімінің жетекшісі Ирина Пятышева.


Зырян ауданы әкімінің орынбасары Асхат Бұтақовтың айтуынша 284 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталған, 31-ші үйде әлі де жалғасуда. Сонымен қатар мердігер компаниялар 23 баспананы жақын күндері табыстайтын көрінеді.


Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив