KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
492.22 529.38 5.03

Даниал Ахметов: Олар тасқыннан табыс тапқысы келді

4.05.2018, 05:25 161

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында болып, Зубов кентіндегі тасқынның салдарын жою жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тасқынға ұшыраған үйлерді жөндеуге тартылған мердігер ұйымдардың басшыларымен кездескен облыс басшысы кейбір компаниялардың бастаған істен бас тартқанын атады.


"Бірнеше компания əуел баста жөндеу жұмыстарына қатысуға ниет танытып алып, кейін бас тартты. Бұл жерден айтарлықтай табыс болмайтынын түсінген соң солай істеді. Оның ішінде 3 компания Зырян ауданынан. Олардың тасқын орнынан табыс тапқысы келді. Қалған мердігерлер қиын сəтте елмен бірге қалып, жұмыс істеуде"  - деді Даниал Ахметов.


Жалпы Зырян ауданы бойынша 414 үй тасқынға ұшырап, оның 360-ына жөндеу жұмыстары тағайындалған болатын. Барлық жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жөнделіп бітуі тиіс. Дегенмен, су кірген 110 үйдің құжаты дұрыс емес екені анықталып отыр. Оның 11-і қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Аймақ басшысы ол үйлердің мəселесін бір жақты ету үшін аудан əкімі мен тиісті басқармаларға тағы апта уақыт берді.


18 сәуір күні Даниал Ахметов Зырян ауданында болып, тасқыннан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстарын бір айдың ішінде аяқтауды тапсырған болатын.


Естеріңізге сала кетейік, Зырян ауданында орын алған тасқын салдарынан жеті елді мекенді су басып қалған болатын.  Су көтерілген сәтте-ақ аудан бойынша мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив