KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасына баспана кілті табыс етілді

20.04.2018, 07:50 229

Аягөзде қоныс тойы жалғасуда. Бүгін қарғын судан үйлері зардап шеккен тағы 13 отбасына салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.


ШҚО-да көктемгі апаттың салдарын жою науқаны қызу. Қазіргі таңда барлық күш үйлерді, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге бағытталған. Мәселен, Аягөзде қосымша Семей мен Тарғабатай ауданының 5 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін 118 миллионнан астам теңгеге 28 отбасына тұрғын үй сатылып алынғаны хабарланған еді. Бүгін олардың қатары 13-ке толықты. Тағы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «NFS Kazakhstan» ЖШС қолдауымен 2 жанұя баспаналы болды.


[su_slider source="media: 29193,29192,29191,29190,29189,29188,29187"]


– Биыл көктем біздің өңір үшін оңай болған жоқ. Тасқыннан 2 қала, 5 аудан, 33 елді мекен зардап шекті, - деді салтанатты жиында сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. – Қазіргі таңда тұрғындарды күнделікті тұрмыстарына қайтару үшін ШҚО-ның барлық күші жұмыла әрекет етуде. Комиссия жұмыс істеп жатыр, қаражат бөлінді. Облыс бойынша 23 құрылыс ұйымы жөндеу-қалпыну келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, осы уақытқа Аягөзде тағы 12 үй бақылау үстінде тұр, ал 15-інің жөндеу мерзімі иелерінің қалауымен кейінгі шегерілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив