KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Биыл ШҚО-да төрт археологиялық жоба жүзеге асырылады

20.04.2018, 06:47 122

Биыл облыс аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде төрт археологиялық жоба жүзеге асырылатын болады.


Оның екеуі Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан ежелгі сяньби елінің ескерткіштерін, сондай-ақ Катонқарағай мен Тарбағатай аудандарындағы сақ дәуірінің жәдігерлерін зерттеуге қатысты болмақ. Бұған қоса археологтар Шілікті жазығындағы және де Тарбағатай тауларының баурайындағы көне заман мен орта ғасырларға тиесілі ескерткіштерді зерттеп, Аблайкит ғибадатханасындағы қазба жұмыстарын жалғастырмақ. Зейнолла Самашев, Карл Байпақов, Әбдеш Төлеубаев сияқты еліміздің белгілі археолог ғалымдары жетекшілік ететін бұл жұмыстарға облыс басшылығы тарапынан да ерекше қолдау көрсетіледі.


– Біз қазба жұмыстарын жүргізе отырып, жастарға дәріс оқимыз. Жалпы, облыс басшылығының мұрындық болуымен қолға алынған тарихи ескерткіштерді қорғау және танымдық туризмді дамыту жұмыстары өте құптарлық деп санаймын, – дейді белгілі археолог З.Самашев.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта Зайсан мен Катонқарағай аудандарындағы тарихи маңызы зор нысандардың басында тиісті музейлермен қатар, заманауи талаптарға жауап беретін инфрақұрылым да пайда болмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта Өскемен қаласында Археология және қазіргі заман өнері музейі ашылуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив