KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Катонқарағай ауданында экокурорт пайда болады

14.11.2018, 11:40 185

Катонқарағай ауданының Бекалқа ауылында экологиялық курорт пайда болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алдағы бес жылда ШҚО-да «Алтай інжу-маржаны» туристік кластерін құру бойынша жұмыстар жалғасын табады. Бірнеше туристік аймаққа басымдылық беріліп отыр.


Бірінші кезекте Алакөл тұр. Туризмді дамыта түсу мақсатында Үржар ауданында әуежайды қайта жаңғыртпақ.


Екінші кезекте облыс аумағындағы пантамен емдейтін шипажайларды кеңейту бойынша жоспарлар да бар.


Бүгінде Катонқарағай ауылындағы бұрыңғы балабақша ғимаратының базасында «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылған. Алдағы уақытта Бекалқа ауылында 700 орынды «The Best» экокурортының құрылысы жоспарланып отыр.


Сондай-ақ, Ұлан ауданындағы Сібе көлдерінің жағалауында «Жібек жолы» демалыс базасы салынуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив