KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да «цифрлық технологиялар» мамандығына берілетін гранттар саны ұлғайтылады

11.06.2018, 10:42 92

Орта мектептер алдына ақпараттық технологиялардыоқыту міндеті қойылып отыр. Осыған байланысты облыс басшылығы ІТ сабақтарын роботты техника сынаптарында өткізуді жоспарлауда.


– Біз өзімізде бар роботты техника сыныптары базасында ақпараттық технологиялар сыныптарын ашуды көздеп отырмыз. Сыныптардың бұған деген мүмкіндіктері жетерлік. Жалпы, Үкімет еліміз бойынша 1 мыңдай ІТ-сынып ашуды жоспарлауда, ал біздің облыс қазірдің өзінде 277 сынып ашуға әзір, – деді аймақ басшысының орынбасары Әсем Нүсіпова облыс әкімдігінің мәжілісінде.


Шығыс Қазақстанда 277 толық комплектілі орта мектеп бар, бүгінгі таңда олардың барлығы да «Менің мектебім» акциясы аясында роботты техника сыныптарымен толық қамтылып отыр. Алдағы оқу жылынан бастап өрендер осы сыныптарда робот жасауға, ақпараттық технологияларды басқаруға, компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуге машықтанбақ.


– Оқу жылының басына дейін осы істі пысықтап алу керек. ІТ-сыныптар мен роботты техника сыныптарын қосу – өте тиімді шешім. Десек те, бізге оқу бағдарламасын дұрыс әзірлеу қажет, екі сыныптың сабақтары бір-бірлерін қайталамауы тиіс.


Облыс оқушыларына тамаша мүмкіндіктер ашылып отыр. Олар енді осы сыныптарда отырып,өз қолдарымен робот құрастырып қана қоймай, олар үшін бағдарлама да жаза алатын болады. Яғни, теория мен іс-тәжірибені ұштастырады, – дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.


Мұнымен қоса, осы саланы барынша тартымды ету мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарындағы «цифрлық технологиялар» мамандығына берілетін гранттар саны ұлғайтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив