KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

ШҚО шағын комплектілі мектептерінің 573 мұғалімі жаңа IT сыныптарында сабақ өткізуге дайын

1.03.2019, 10:22 143

Шығыс Қазақстан облысында барлық 655 жалпы білім беретін мектептерді IT сыныптарымен жабдықтау аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Менің мектебім» өңірлік жобасын іске асыру аясында, 2018 жылы өңір оқушыларының 80% білім алып жатқан, толық комплектілі 277 мектеп Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарты үлгісінде пәндік кабинеттермен, сондай-ақ, заманауи ІТ және роботты техника сыныптарымен жабдықталған болатын.


Қазіргі таңда облыстағы шағын комплектілі мектептердегі 378 ІТ-сыныпты жабдықтау аяқталуда. Ол үшін облыс бюджетінен 900 миллион теңге бөлінген.


Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық шағын комплектілі мектептерде, 500 актив-панел орнатылады. Олар соңғы цифрлық технологиялар негізінде, оқушыларға жаратылыстану мен ғылыми пәндерді еркін және сапалы меңгеруге толық мүмкіндік береді.


Бүгін Ұлан ауданындағы Базылбек Ахметов атындағы мектепте жаңа ІТ-сыныбын ашу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, оқушыларды жаңа «ІТ-сыныптарында бағдарламалау және модельдеу» пәніне оқыту үшін Семей қаласының Электротехника колледжі базасында облыстың шағын комплектілі мектептерінің 573 мұғалімі арнайы курстық дайындықтан өткенін хабарлады.


- Барлық мұғалімдер әдістемелік құралдар және арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілді. Бұл ауыл балалары үшін бағдарламалау, 3D модельдеу және мехатрониканы оқып үйренудің жаңа мүмкіндіктерін ашады, – деді Әсем Бекқызы өз сөзінде.


Айта кетейік, бүгінгі таңда ШҚО шағын комплектілі мектептерінде 25 мың бала білім алуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив