KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Семейде қайырымдылық балмұздақ фестивалі өтеді

9.06.2018, 09:41 86

Жұлын ісігіне шалдыққан 7 жасар Ерсұлтан Әскербековке, Арнольд Киардың синдромымен ауыратын 2002 жылғы Даяна Әсембаеваға, апластикалық анемия дертімен күресіп жүрген Самен Батырбекұлына, қатерлі ісік диагнозы қойылған Алима есімді бүлдіршінімізге қазіргі таңда өзге адамдардың қолдауы мен шұғыл қаржылай көмек қажет.


Осыған орай, 10 маусымда сағат кешкі 16:00-де Ертіс жағалауында қайырымдылық балмұздақ фестивалі өтеді. Науқас балалардың өміріне бей-жай қарамайтын, қандай да бір көмек көрсетемін дейтіндер азаматтар болса, міндетті түрде келіп, қол ұшын созсаңыздар болады.


Қайырымдылық шарасы барысында шаһар тұрғындарына арнап мерекелік концерт, фотосессия, түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балалар арасында сурет байқауы өткізіліп, аукционға қойылады. Ал жиналған ақшаның барлығы өмір үшін күресіп жатқан, жоғарыда есімдері аталған барлық балаларға теңдей бөлініп берілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив