KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Семейліктер науқас балалардың еміне 330 мың теңге жинап берді

10.06.2018, 15:01 103

Бүгін Семей қаласындағы Ертіс жағалауында науқас балалардың өміріне бей-жай қарамайтын 3000-ға жуық адам қайырымдылық балмұздақ фестиваліне қатысты. Семейліктер науқас балалардың еміне 330 мың 370 теңге жинап берді. Шара барысында шаһар тұрғындарына арнап мерекелік концерт ұсынылып, түрлі байқаулар ұйымдастырылды.


Барша қала жұртшылығы жұлын ісігіне шалдыққан 7 жасар Ерсұлтанға, Арнольд Киардың синдромымен ауыратын 2002 жылғы Даяна Әсембаеваға, апластикалық анемия дертімен күресіп жүрген Самен Батырбекұлына, қатерлі ісік диагнозы қойылған Алимаға арналған арнайы қорапшаларға, аз да болса көмек болсын деп, қолдарында бар ақшаларын салып жатты. Семейліктер  фестиваль соңына дейін белсенділік танытып, шын жанашыр жандар екендерін көрсете білді.


Жиналған ақша барлық қонақтардың көзінше сахна төрінде есептеліп, өмір үшін күресіп жатқан батыр балаларымыздың туыстарына теңдей бөлініп берілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив