KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Дәрігерді жерлестері қошаметпен қарсы алды (видео)

25.10.2024, 19:20 168 Назерке Каримова

Айна Ескенқызы

Республика күні қарсаңында  облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қолынан “Құрмет” ордені мемлекеттік наградасын алған Катонқарағай аудандық ауруханасының дәрігері Валентина Шершневаны туған ауылында аудан әкімі Данияр Дюсембаев, аудандық аурухана ұжымы, аудан өнерпаздарымен бірге үлкен қошеметпен күтіп алды. 

Аудан басшысы оның қажырлы еңбегіне алғыс айтып, гүл шоғын сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Валентина Павловна 1951 жылы дүниеге келіп, 1975 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. Сол уақыттан бері ол  жарты ғасырын Катонқарағай ауданының денсаулық сақтау саласын дамытуға арнады.

Валентина Павловна өзінің жоғары іскерлік және адами қасиеттері арқасында әріптестері  мен ауылдастары арасында үлкен құрметке ие. 2023 жылы ол ұзақ жылғы еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған болатын.

Валентина Павловна жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол үнемі өз білімін жетілдіруден жалықпайды, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенді өмірлік ұстанымы көпке үлгі боларлық. Егде тартқан жасына  қарамастан, дәрігер құрметті демалысқа кетуге асықпайды және өзінің кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретуден жалыққан емес.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу