KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатынын халықтың көбі білмейді

8.06.2018, 02:47 99

Шығыс Қазақстан электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемі  жөнінен елдегі 16 өңір ішінде 15 орынды иеленіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің  басшысы Жанна Қабдолдақызы осындай мәлімет келтірді. Ведомство жетекшісінің  айтуынша, ауылдық жерлерде әлі күнге шейін  ұшқыр интернет жоқ. Осы жайт мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуіне үлкен кедергі келтіріп отыр.


Десек те, интернет жылдамдығы талапқа сай ірі қалалардың халқы да әзірге қызметтерді электрондық түрде алуға асығар емес. Департамент басшысының айтуынша, қалалықтар көптеген мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ  электронды түрде алуға болатынын білмейді, жөнді ақпараттанбаған, азаматтардың басым көпшілігі анықтамаларды бұрынғысынша  мекемелерге барып, қағаз күйінде алуды құп көреді.


Мәселені шешу үшін департамент басшысы мемлекеттік құрылымдарға халықпен тығыз жұмыс жүргізіп, өздерінің электронды қызметтерін жан-жақты насихаттауға кеңес беріп отыр.


– Электронды қызметтерді насихаттау және түсіндіру мақсатында біз бірнеше бейнеролик түсірдік. Айталық, сол роликтердің бірінде жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қызметті электронды түрде қалай алуға болатынын қарапайым тілде жеткізеді. Бұл бейне ақпараттар мемлекеттік органдардың сайттары, телеарналармен әлеуметтік желілер арқылы таратылуда, – деді департамент жетекшісі.


Электронды қызметтің ұтымды тұстары – кезекте тұрып, алтын уақытыңызды кетірудің қажеті жоқ. Осы жайттың өзі баршаны қызықтыруы тиіс. Қазірдің өзінде елімізде 700-ге жуық мемлекеттік қызметті интернет көмегімен үйде отырып-ақ алуға болады дейді мамандар. Тек үгіт-насихат жұмыстарында және оларды халыққа қарапайым етіп жеткізуде ғана көптеген мәселелер туындап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив