Жұмсақ балмұздақ дайындайтын автоматтар санитарлық тексеруден өткізілмейді
Жаз келіп, күн жылынған соң облыстың қалаларында жұмсақ балмұздақ дайындайтын автоматтар жұмыс істей бастады. Ыстық күндері бұл тәтті дәм сұранысқа аса ие. Бірақ осы сауда орындарын санитарлық тексеруден өткізу қарастырылмаған екен.
ШҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау Департаменінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика Министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, жұмсақ балмұздақ сататын сауда орындары қауіп-қатердің аса маңызды емес деңгейіндегі нысандарға жатқызылады екен, сол себепті ерекше тәртіпте тексерілмейді. Олардың саудасы тек сатып алушылардың шағымы немесе иесінің жеке бастамасы бойынша ғана бақылауға алынады.
-Бірақ жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекемені нысанның жұмыс істеп бастауы туралы хабардар етуге тиіс. Қазіргі уақытта жұмсақ балмұздақ сату бойынша сауда орындарының жұмысы туралы хабар келіп түскен жоқ, - дейді департамент басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.