KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Шығыс Қазақстанда 13 нысанның жұмысы тоқтатылды

9.10.2013, 18:00 155


Санитарлық дәрігерлер Шығыс Қазақстанда тұтынушылар үшін қауіпті азық-түлік өнімдерін сатқан 13 нысанды анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олардың ішінде Өскеменде жұмыс істейтін екі кәуапхана мен бір саңырауқұлақ цехы, құс өнімдерін сататын бір сауда бөлімі бар. Сондай-ақ, Күршім ауданындағы екі тойхана мен азық-түлік дүкенінің, Риддер қаласындағы жұмсақ балмұздақ шығаратын цехтың қызметі тиісті талаптарға сай келмеген. Яғни, санитарлық-эпидемио
логиялық қорытындылары болмаса да жұмыс істеуін жалғастырған.

– Бұған қоса Семей қаласында, Аягөз және Глубокое аудандарында өндірушісі белгісіз қауіпті азық-түлік тауарларын сату тоқтатылды. Тексеру кезінде тауардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ешқандай құжат болмаған, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Мәдениет Тұрабаева.

Бүгінде қауіпсіз заттар сауда айналымынан алынып тасталды. Заң бұзушыларға қатысты материалдар ары қарай тексеру үшін тиісті органдарға жолданды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив