KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Өскемендік кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасап сатып жатыр

18.08.2020, 12:20 116

Кәдімгі қымыздан жасалады. Тәп-тәтті, сосын қымыздың қышқылтымдау, әдеттегі жағымды дәмі бар. Сонысымен ерекше.

Өскемендік кәсіпкер Берік Рахметқалиевтің балмұздақтары қазір «Фрешмаркет» және «Әлем» сауда үйлерінің ішінде тұр. Өзі жасап шығарады. Ұлан және Катонқарағай аудандарынан қымыз жеткізіп беріп тұратын адамдары бар.

Бұл идеяны алғаш семейлік жас кәсіпкер  Айдын Серікқазы қолға алып,  «Qaz Ice» брендімен сатылымға шығарған. Енді міне Өскеменге келді. Беріктің айтуынша, балмұздақтың жаңа түріне деген халықтың қызығушылығы жоғары.

-Балмұздақ жасап шығаратын құрал-жабдықтар мен оған қажетті аспаптардың барлығын сатып алдық. Оңай шаруа емес.  Ең бастысы бұл өте пайдалы өнім. Биыл коронавирусқа байланысты қымыз «хит» болып кетті ғой. Оны балаға ішкізе алмайсың, ал балмұздақ қылып берсең сүйсініп жейді. Бағасы 300 теңге. Бұл дегенің бір жағынан иммунитетті көтеретін дәрі емес пе-дейді.

«Қымыздың дәмі ғана қосылған порошок» деген сөздер де айтылып жатыр екен ел арасында. «Егер сондай порошок болса маған көрсетіңіздерші» деп күледі Берік. Айтуынша, қымыз бен саумал жаңа балмұздақтың ең басты ингредиенті. Онсыз жаңа өнімнің ешқандай мағынасы жоқ.  Келісіп қойған маңайдағы қымызшылар күнделікті өнімдерін уақытында жеткізіп беріп отырады екен.

Айтпақшы, балмұздақты үйге жеткізіп беру қызметі де қолға алынып жатқан көрінеді. Ол үшін инстаграм желісінен  Qaz Ice Oskemen деп іздеп немесе 87777021166 телефонына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу