KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Васильев өткелінің маңында жыландар көбейіп барады (видео)

2.06.2018, 14:40 299

ШҚО-дағы Катонқарағай ауданына паром арқылы қатынайтын тұста жыландар көбейіп кетіпті деседі. Ол жерде түсірілген бейнежазба қазір әлеуметтік желілер арқылы таралуда.



Бейнежазбадағы жыланның ұзындығы бір метрден асады екен. Негізінен жыландар адамдардың көзіне көріне бермейді. Бірақ бұл жәндіктің жұрт алдына шығуы жиілеп барады. Естеріңізге сала кетсек, жуықта ғана Өскемен қаласындағы ЖМК (КШТ) ауданында жыландардың көбейіп кеткені туралы жазған едік.


Осы орайда жыландар шағатын ең қауіпті уақыт – көктем екенін де ескерте кеткен жөн болар. Бұл кезде жыландар өте ызалы келеді.


Білгіштердің айтуынша, қандай жылан шағып алғанын білу  өте оңай: улы емес жылан шаққаннан кейін өркешті жара, ал улы жыланнан кейін екі домалақ жара пайда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив