KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Үржардан Алматы мен Астанаға қатынайтын ұшақ билетінің бағасы айтылды

14.05.2018, 06:46 146

16 мамырдан бастап өңірде Үржар – Астана және Үржар – Алматы әуе бағыттары жаңартылады, деп хабарлайды Алтайньюс.


Облыстық жолаушылар тасымалы басқармасының сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, әуе рейстері аптасына екі мәрте – сәрсенбі және жексенбі күндері атқарылады.


Үржардан Алматыға ұшу -17:40 (сәрсенбі) және 17:20 (жексенбі).


Алматыдан Үржарға ұшу - 09:05 (сәрсенбі) және 08:40 (жексенбі), ұшып жету уақыты – екі жарым сағат.


Астанаға ұшу – 11:20 (сәрсенбі) және 11.00 (жексенбі). Кері бағыт 09:05 және 14:20. Ұшып жету уақыты – екі жарым сағат.


Аталған бағыттар бойынша «Южное небо» әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Үржар-Алматы билеті 16 мың теңге, Астана бағыты бойынша 19,5 мың теңге.


Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыздан бастап, Өскемен-Зайсан, Өскемен-Семей және Семей-Үржар әуе рейстері іске қосылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив