KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Риддерге 300 теңге төлеп барады

26.01.2018, 06:03 135

Шығыста өзге өңірлермен салыстыра алғанда жолаушыларды темір жол, әуе жолдарымен тасымалдау айтарлықтай дамып отыр. Облыста бес жылдан бері тұрғындарға  облысішілік әуе тасымалы қызметі көрсетіліп келеді. Елімізде облысішілік ұшақ тасымалы ең алғаш рет біздің облыста қайтадан қалпына келтірілген болатын.


Облыс бюджетінен жыл сайын облысішілік темір жол тасымалына, әуе тасымалына да субсидия  бөлініп отыр. 2017 жылы  екі тасымал түріне 505 млн. теңге субсидия бөлінген, соның ішінде  «Өскемен – Семей –Үржар», «Өскемен –Зайсан» бағытындағы әуе қатынасына 182 млн. теңге бөлінген. «Защита– Зырян», «Защита–Лениногор» бағытындағы пойыздарға 323 млн. теңге субсидия берілген. 2018 жылға әуе және пойыз жолымен тасымалға  541 млн. теңге субсидия қарастырылған. Субсидиялардың төленіп отырылуынан облысішілік әуе, темір жол қатынастарының тарифі халықтың қолы жететіндей арзан болып отыр.



Қазіргі күні «Защита –Зырян» бағытында жүріп жатқан пойыз билеті қала ішіне жүретін таксилердің бағасынан да арзан, бар болғаны 460 теңге! Пойыз Защитадан Зырянға аптасына үш рет, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері жүріп жатыр. «Защита–Лениногор» бағытындағы пойыз аптасына төрт рет, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері жүреді. Риддерге баратын  328 орындық төрт вагоны бар бұл пойыз билетінің бағасы – небары 300 теңге!   Екі өнеркәсіпті қалаға баратын қос пойыздың жүру кестелері  бұрынғыдай, өзгермеген.


«Өскемен–Семей–Үржар», «Өскемен – Семей-Зайсан» бағытындағы ұшақтар  аптасына екі рет ұшып жатыр. Биылғы ақпаннан бастап «Өскемен –Семей» бағытындағы ұшақ бағасы 4000 теңге, Өскеменнен Үржарға 10 000 теңге, Семейден Үржарға 10 000 теңге, Өскеменнен Зайсанға дейінгі билет бағасы 6000  теңге  болып бекітіліп отыр. Бұл әлеуметтік маңыздағы әуе рейстерімен жыл сайын 9000-нан астам, пойыздармен 110 000-нан аса облыс тұрғындары жолақысы нарықтағыдан әлдеқайда төмен  бағамен тасымалданып жатыр.


Жол мұраты – жету, әсіресе осындай арқыраған аязды қыста, паром жабылған маусымдық кезеңдерде  жолаушыға Күршім ауданына бару  мұңға айналады. Өткен жылдың желтоқсанында Күршім ауданына  баратын жолдағы Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпірдің   жобалық-сметалық құжаттарын жасау толық аяқталып бітіп, құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Қазіргі күні бұл көпірді салу құны қайта есептеліп 30 млрд. теңге деп жобаланып отыр. Жоба дайын, көпір құрылысына қатысты техникалық қорытындылар  әзір, енді нақты іске көшуге, құрылысты салам дегенге дайын жобаны көрсетіп, инвестор табуға толық мүмкіндік бар.  Инвесторлар бірнеше жылдан бері іздестіріліп те жатқанын білеміз. Жапониялықтармен, ЕҚДБ-мен, кореялықтармен, басқа да елдермен келіссөздер жүргізіліп, кездесулер өткізілгенмен, әзірге нақты шешім немесе нақты инвестор табылмаған. Көпірді мемлекет-жеке серіктестік негізінде де салу жолдары қарастырылуда. Былтыр жыл соңында Үнді елінің бизнесмендерімен де көпір салу жөнінде әңгіме болып, жобалық құжаттары жіберілген көрінеді.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив