KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Семейде «Алаштың нар жігіті» анықталды (фото-видео)

11.05.2018, 17:02 134

Cемейдің қалалық мәдениет сарайында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тікелей бастамасымен қазіргі уақытта түрлі салада қызмет етіп жүрген ер азаматтардың арасында «Алаштың нар жігіті» атты  байқау өткізілді.


Сақадай-сай тізілген ерлеріміз сынға түске дода жалпы төрт кезеңді қамтыды. Бірінші айналымда өздерін таныстырса, екінші бөлімде винтовкадан нысананы дәл көздеп, 16 кг кір тасын көтеріп жарысты. Одан әрі әр қатысушы ұлттық нақыштағы киімдерімізді киіп, сән үлгісін көрсетті. Ал жарыстың ең соңғы шешуші кезеңінде көптен бері дайындап жүрген ерекше өнерлерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының құрамында болған М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шағангүл Жанаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, «Нұр Отан»партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова және өзге де өз ісінің майталмандары дарынды жігіттеріміздің өнеріне әділ төрелік ете білді.

Сайыстың қорытындысына сәйкес, «Ақшың» корпорациясының әкімшілік директоры Ерлан Жақыпов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, «Алаштың нар жігіті» деп жазылған белбеуді қанжығасына байлады.



[su_slider source="media: 31461,31462,31463,31464,31465,31466,31467,31468,31469,31470,31471"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив