KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Семей Аруы -2018» байқауының жеңімпазы белгілі болды - фото-видео

16.05.2018, 04:50 114

Жылда Семей шаһарында ең сұлу, ең ақылды аруларды анықтау мақсатында көптеген сұлулық байқаулары өткізіледі. Биылда бұл үрдіс жалғасын тауып, шаһарымыздағы қалалық мәдениет сарайында "Қазақстан Студенттер Альянсы" РСҚ-ның ұйымдастыруымен көпшілік асыға күткен «Семей Аруы -2018» байқауы өтті. Сыртқы сұлулық пен ішкі әдеміліктің үйлесімділігі қатар сыналатын бұл додаға қаламыздағы жоғарғы және орта арнаулы білім мекемелерінен  бес бойжеткен қатысып, бар өнерлерін ортаға салды.


Сайыс жалпы төрт кезеңді қамтыды. Бірінші айналымда өздерін видео немесе шағын сахналанған көрініс арқылы таныстырса, екінші бөлімде көптен бері дайындап жүрген ерекше өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Одан әрі әр үміткерге еліміздің тарихы мен әдебиетіне қатысты және қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпына байланысты бір сұрақтан қойылды. Ал барлығын қорытындылайтын әдемі кештің ең соңғы шешуші кезеңінде ұлттық нақыштағы киімдерімізді киіп, сән үлгісін көрсетті.


«Бүгінгінің Әйгерімі біз боламыз» деп өлең шумақтарымен өзін таныстырған Әйгерім Төлеуғалиеваның тыңғылықты дайындықпен келгені бірден көрініп-ақ тұрды.


Дефиле бөлімінде көздің жауын алған кешкі көйлектер сахнаның көркін одан ары ажарландыра түсті.

Сондай-ақ, Жақия Шәйжүнісов атындағы электронды колледждің намысын қорғаған Ырысбала Мұратова болса, «Танго» биін билеп қана қоймай, кішігірім шоу жасағаны жиналған қауымды таңқалдырды.


Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша, барлық қыздардан оқ бойы озған М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің атынан шыққан Әйгерім Болатқызы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, «Семей Аруы-2018» деген атаққа лайық деп танылды.


[su_slider source="media: 31790,31792,31793,31794,31795,31796,31797,31798,31799,31800,31801"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив