KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Семейде жас ақындар мүшәйрасы өтті

19.09.2018, 04:25 198


Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында Алаш арысы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар!» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.


Жыр додасына Семей қаласының жоғары оқу орындарынан іріктеліп шыққан 15-ке жуық жазба ақындар қатысып, бар өнерлерін ортаға салды.

Байқау жалпы екі кезеңді қамтыды. Бірінші айналымда қатысушылар көркемсөз оқу аталымы бойынша Мағжан Бекенұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түссе, екінші бөлімде өз шығармашылықтарынан жүрекжарды жырларын оқыды.


Сонымен жеңімпаздардың тізіміне көз жүгіртетін болсақ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Теміржан Еркінұлы бас жүлдеге лайық деп танылса, ал Айшолпан Тілеутай мен Ермұхамет Мұрат жүлдегерлер қатарынан көрінді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив